
Әр жерде байланыста
Сапарға интернет
тіркеусіз
Баға теңгемен. Елді таңдаңыз — eSIM төлемнен кейін бірден келеді.
- Төлемнен кейін бірден
- Тіркеусіз
- Баға теңгемен
Танымал бағыттар
Телефон жарай ма?
*#06# кодын теріңіз. EID жолы болса — eSIM сатып алуға болады.
*#06#
EID болса — жарайды. Жоқ болса — бұл телефонда eSIM жоқ.
iPhone
Баптаулар → Ұялы байланыс → eSIM қосу
Android
Баптаулар → SIM → eSIM қосу
Қытай, Гонконг және Макаодағы iPhone-дар мен кейбір арзан Android-та eSIM жоқ.
Жиі қойылатын сұрақтар
Телефон, орнату және қайтару туралы қысқаша. Жауап таппадыңыз ба — жазыңыз.
eSIM менің телефоныма жарай ма?+−
*#06# теріңіз — EID жолы болса, жарайды. Немесе баптауда «eSIM қосу» жолы болуы керек. Қытай, Гонконг және Макаодағы iPhone-дар мен көптеген арзан Android қолдамайды. Телефон бір операторға байланбауы керек.
Төлемнен кейін eSIM-ді қалай аламын?+−
Бірден тапсырыс беті ашылады. iPhone-да — батырма, Android-та — код өрістері, компьютерде — QR. Email көрсетсеңіз — хатпен де жібереміз. Сілтемені басқа құрылғыдан ашуға болады.
eSIM-ді қашан орнату керек?+−
Үйде, ұшар алдында, Wi-Fi арқылы. Ұшып барған соң осы eSIM-ді интернетке қосып, ондағы деректер роумингін қосыңыз. Қазақстандық SIM-де деректер роумингін өшіріңіз.
Нөмірім мен WhatsApp сақтала ма?+−
Иә. eSIM — екінші желі: нөмір, банк пен Kaspi SMS-тері, WhatsApp қалады. Оператордан шот алмау үшін негізгі SIM-де деректер роумингін өшіріңіз.
Интернетті таратуға бола ма?+−
Иә, интернетті тарату (модем режимі) жұмыс істейді.
Ақшаны қайтаруға бола ма?+−
eSIM берілмесе — төлемді қайтарамыз. Бейін әлі орнатылмаса, WhatsApp-қа жазыңыз: тоқтатуға болатынын тексереміз. Орнатқаннан кейін қайтару әдетте жасалмайды. Толық ереже — «Ақшаны қайтару» бөлімінде.












